1
Лисаков техникалық колледжі
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 
Мекен жайы:
Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы,
Лисаков қаласы, 6 ықшам ауданы, 56 үй
8 (714 33) 3 28 01  insta  Facebook 2005 2012 youtube

2025 жылдың 24 ақпаннан бастап 24 наурыз аралығында республика бойынша Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылған туберкулезге қарсы айлық өтіп жатыр. Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнінің ұраны «Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, инвестиция саламыз, әрекет етеміз».
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнінде "Лисаков қалалық санитарлық–эпидемиологиялық бақылау басқармасы" аурудың алдын алудың маңыздылығын еске салады.
Бұл күннің ең маңызды міндеті-Жердің барлық тұрғындарына біз айтып отырған мәселе дерексіз емес және әрқайсымызға әсер етуі мүмкін деп шақыру, сондықтан акцияның сәттілігі әр адамға байланысты.
Біз өзімізден, өмір салтымыздан бастаймыз. Біріншіден, профилактикалық тексеруден өтіп, салауатты өмір салтын ұстануға тырысу керек. Ең бастысы, нені білу керек: аурудың алғашқы белгілерінде дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Бүгінгі таңда туберкулезді толығымен емдеуге болады. Туберкулезбен ауыратын адамдар басқаларға қауіп төндірмей, сапалы, жарқын, толыққанды өмір сүре алады.
Айлық аясында түрлі іс-шаралар жоспарланған: Ашық есік күндері, фтизиатрлардың, фтизиопедиатрлардың консультациялары, халықты флюорографиялық тексеру. Біз өзімізді туберкулезден дұрыс тамақтанумен, салауатты өмір салтымен, жаман әдеттердің болмауымен қорғаймыз.

 

0 0 0