4 сәуір күні Жастар ресурстық орталығы Лисаковский техникалық колледжімен бірлесіп Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы аясында «Отанды сүю – отбасынан басталады» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Бұл маңызды шараға құрметті қонақтар шақырылды: тыл еңбеккері Қ.Б. Нұрғалеева. және «Ару аналар» ансамблінің мүшесі, белсенді Әкімбаева Д.Е.
Дөңгелек үстелге қатысушылар патриотизмді тәрбиелеудегі отбасылық құндылықтардың маңыздылығын талқылап, өз әңгімелері мен тәжірибелерімен бөлісті.