1
Лисаков техникалық колледжі
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 
Мекен жайы:
Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы,
Лисаков қаласы, 6 ықшам ауданы, 56 үй
8 (714 33) 3 28 01  insta  Facebook 2005 2012 youtube

Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Б.Момышұлының 115 жылдығы аясында Жастар ресурстық орталығы, Лисаков қалалық полиция бөлімі, «Жастар рухы» жастар бірлестігі және техникалық колледжімен бірлесіп, 1-курс студенттеріне «Тәртіпке бас иген құл болмайды» атты іс-шара өткізді.

Кездесуге келесі құрметті қонақтар шақырылды:

Батпанаев А.С. - Лисаковск қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы;

Лукутин А.А. - Қазақстан Республикасының спорт шебері, облыстық және республикалық жарыстардың чемпионы, Паралимпиада ойындарындағы халықаралық жарыстардың жүлдегері;

Уксукбаев Р.Н. - Лисаков қалалық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі.

Шарада ата-ана тәрбиесі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, патриотизм сынды маңызды тақырыптар талқыланды. Қонақтар кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді, оның барысында студенттерге оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы ақпарат бар брошюралар берілді.

Мәртебелі қонақтар өздерінің өмірлік жолдарымен бөлісіп, кәсіби жетістіктері туралы әңгімелеп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Іс-шара барысында экскурсия ұйымдастырылды, онда балалар полиция қызметі туралы көбірек біле алды.

Мұндай ынтымақтастық жастардың бойында жауапкершілікті, патриотизмді және заңдарды сақтаудың маңыздылығын түсінуге көмектеседі.