2025 жылғы 18 сәуірде «Кәсіби бастама: жұмысшы мамандықтарындағы жастар» республикалық студенттік форумының қорытындысы шығарылды. Форум студенттердің кәсіби дағдыларын, ғылыми идеялары мен шығармашылық әлеуетін көрсету үшін маңызды алаңға айналды.
АТҚК-24 тобының студенті Никита Астахов И.В. Фатхутдинованың жетекшілігімен бейнеролик байқауына қатысып, автослесарь мамандығын ұсынғанын мақтанышпен хабарлаймыз. Жұмыстың өзгешелігі мен сапалы орындалуы үшін ол 1 орынға ие болды.
«Ақылды жол — жол-көлік инфрақұрылымының болашағы» тақырыбымен студенттік ғылыми жобалар байқауына Цыганок Антон және Поляничко Андрей (АжБ-23тобы), Астахов Никита (АТҚК-24 тобы) қатысты. Жоба жетекшілері — И.В. Фатхудинова және В.А.Удовик.
Тақырыптың өзектілігі, идеялардың жаңалығы және орындаудың жоғары деңгейі үшін команда 1 орынға ие болды.