22 сәуір Жеңіс күні қарсаңында
Жастар ресурстық орталығы «АМАНАТ» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты және Лисаковский техникалық колледжімен бірлесе отырып, «Батырларды мәңгілік есте қалдыру» акциясын өткізіп, ұмыт қалған Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің жерленген орындарын тазартты.
Қазіргі заманда өскелең ұрпақты осындай істерге баулу, олардың бойына отансүйгіштік рухты сіңіру өте маңызды. Жастар өз ата-бабаларын, біз үшін Жеңіске жеткен адамдарды ұмытпауы керек.