22 сәуірде 1-2 курс студенттеріне «Тұлға және мұра» тақырыбында 15 минуттық әдеби семинар өтті.
Шара қазақтың көрнекті жазушысы, ақын және қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Оқушылар жазушының өмірі, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесі туралы мағлұмат алды, сонымен қатар шығармаларынан үзінділер оқыды.
Ұрпақтар арасындағы байланыстың қаншалықты маңызды екенін, сондай тұлғалардың мұрасы жастарды білімге ұмтылуға, тарихты, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге баулитынын еске түсірдік.