23 сәуірде «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында МКҚК қызметкерлері «АМАНАТ» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты және Лисаковский техникалық колледжінің студенттерімен бірлесіп «Таза жағалау» экологиялық акциясын өткізді! Олар бірлесіп Тобыл өзенінің жағалауын қоқыстан тазартып, қоршаған ортаны сақтауға өз үлестерін қосты. Табиғатты бірге қорғайық!