Бүгін «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында Лисаков қаласының әкімі Абай Ибраев бастаған Лисаков қаласы әкімдігінің қызметкерлері, «Жастар ресурстық орталығының» еріктілері және Лисаков техникалық колледжінің еріктілері қалалық тәлімбақта өсірілген 450 түп қарағай көшеттерін отырғызуды бастады.
Еске салайық, осыдан бір апта бұрын әкімдік, мәслихат қызметкерлері мен депутаттар қалалық жағажай аумағына 250 түп пирамидалық терек отырғызған болатын.