24 сәуір күні колледжде Лисаков қаласының «Қорғаныс бөлімі» ММ өкілі, ДҚБ бастығы, полиция подполковнигі Ахтаев Ернат Сабыржанұлымен кездесу өтті.
3-4 курс студенттері әскери борышын өтеу, әскери оқу орындарына түсу, әскерге шақырылушылардың құқықтары туралы маңызды мәліметтер алды.
Мұндай кездесулер жастардың Отан алдындағы жауапкершіліктерін тереңірек түсінуге, әскери қызмет мәселелерін саналы түрде шешуге көмектеседі.