1
Лисаков техникалық колледжі
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 
Мекен жайы:
Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы,
Лисаков қаласы, 6 ықшам ауданы, 56 үй
8 (714 33) 3 28 01  insta  Facebook 2005 2012 youtube

2025 жылдың 28 сәуірінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ «Қостанай облысы бойынша еңбек ұтқырлық орталығы» КММ «Лисаков қаласының Мансап орталығы» филиалымен, «АМАНАТ» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатымен және Лисаков техникалық колледжімен бірлесіп Лисаков қаласының жұмыссыз азаматтары, оқу орындарының түлектері және жұмыссыз жастары үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараға қаладағы барлығы 11 кәсіпорын, ұйым мен мекеме түрлі бос жұмыс орындарын ұсынып, қатысты.

Лисаков техникалық колледжінде бос орындар жәрмеңкесі!

28 сәуірде колледжімізде кәсіби салада өз орнын табуға ұмтылған студенттер үшін маңызды әрі пайдалы іс-шара бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Жиынға қалалық мекеме-кәсіпорындардың өкілдері келіп, өздері туралы айтып, бос жұмыс орындарын ұсынып, болашақ түлектерімізбен тілдесті.

Бұл еңбек нарығының нақты қажеттіліктерін білуге, жұмыс берушілерге сұрақтар қоюға, тіпті алғашқы жұмысыңызды табуға тамаша мүмкіндік!

2025 04 28 17.02.26 3620675245770375481 427814143072025 04 28 17.02.26 3620675245778764192 427814143072025 04 28 17.02.26 3620675245787102928 427814143072025 04 28 17.02.26 3620675245896365533 42781414307