1
Лисаков техникалық колледжі
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 
Мекен жайы:
Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы,
Лисаков қаласы, 6 ықшам ауданы, 56 үй
8 (714 33) 3 28 01  insta  Facebook 2005 2012 youtube

 2025 жылғы 30 сәуірде Қостанай қаласында Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының ұйымдастыруымен КММ "IQostanay" балаларға арналған SMART-орталығы базасында Қостанай облысы жұмыс берушілер форумы өтті. Бұл іс-шара ағымдағы жылы Қазақстан Республикасында жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды.

Лисаков техникалық колледжі форумда "Пайдалы қазбаларды өндіру" және "Технологиялық үдерістерді автоматтандыру және басқару" бағыттары бойынша өз алаңын ұсынды. Бұл алаңның мақсаты — жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайту, өзара меморандумдар жасау, жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім берудің заманауи мүмкіндіктерін көрсету.

Мен, Лисаков техникалық колледжінің директоры Кайпбаева Ж.Ш., форум аясында өткен дөңгелек үстелде" Лисаков қаласында жұмысшы мамандықтарын дамыту: еңбек нарығының сұранысына бейімделу және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы материалдық-техникалық базаны жаңғырту" тақырыбында баяндама жасадым.

Баяндама барысында:

- өңір кәсіпорындарымен тығыз байланыс орнатудың маңыздылығын;

- білім беру бағдарламаларын экономиканың нақты сұранысына икемді бейімдеу қажеттігін;

- инвестициялық жобаларды іске асырудың болашағын;

- колледждің оқу зертханаларын жаңарту және заманауи оқу алаңдарын құру бойынша табысты тәжірибелерін атап өттім.

2025 жылы колледжде WorldSkills "Қабырғаларды плиткамен қаптау", ERGskills "Пайдалы қазбаларды өндіру", "Пайдалы қазбаларды байыту" бағыттары бойынша жаңа алаңдар ашу жоспарланып отыр.

Колледждің жетекші оқытушылары Удовик В.А., Казбеков Е.Б. және ОӨЖ жөніндегі директордың орынбасары Пролыгина Д.К. студенттермен бірлесе отырып, жобаларды ұсынды:

- VR-көзілдіріктер арқылы демонстрациялар, виртуалды шахта мен автоматтандырылған өндірістік үдерістерге шынайы ену;

- релейлік автоматика бойынша интерактивті стендтер, онда басқару жүйесінің элементтерінің жұмысын көрнекі түрде бақылауға мүмкіндік берілді;

- минералдар көрмесі, онда мектеп оқушылары өңірдегі пайдалы қазбалар, олардың өндірістегі рөлі туралы танысты.

Оқушылар арасында ерекше қызығушылық тудырған — викториналар мен квиз-ойындар болды.

Олар жұмысшы мамандықтарымен ойын арқылы танысып, интеллектуалды жарыстарға белсенді қатысты. Барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар табыс етілді.

Лисаков техникалық колледжінің алаңы өзінің жоғары материалдық-техникалық базасын, инновациялық кәсіби бағдар беру тәсілдерін және өңір өнеркәсібі үшін балетки жұмысшы кадрларды даярлауға дайындығын толық көлемде көрсеті.

2025 05 01 09.02.42 3622608098938265726 486373465182025 05 01 09.02.42 3622608099122757844 486373465182025 05 01 09.02.42 3622608099122795024 486373465182025 05 01 09.02.42 3622608099122806175 486373465182025 05 01 09.02.42 3622608099131005554 486373465182025 05 01 09.02.42 3622608099139549659 486373465182025 05 01 09.02.42 3622608099139640313 486373465182025 05 01 09.02.42 3622608099332428883 48637346518