Құрметті ұстаздар мен студенттер!
Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – еліміздегі әр ұлт пен ұлыстың достығының, өзара құрметі мен татулығының нышаны. Бірлік бар жерде – береке бар. Бейбітшілік пен келісім – біздің басты құндылығымыз.
Сіздерге зор денсаулық, татулық, бақыт, жаңа табыстар мен шабыт тілеймін. Колледжіміз ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем ұжым болып қала берсін!
Мереке құтты болсын!