Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Сіздерді 7 мамыр — Қазақстан Республикасының Отан қорғаушы күнімен колледж әкімшілігі атынан және жеке өз атымнан шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн - батылдықтың, ерліктің, рухтың және елді қорғауға әрдайым дайын болудың символы. Ол әрбір ер-азаматтың басты парызы - елінің тірегі, қорғаушысы және патриоты болу екенін еске салады.
Айрықша алғысымызды жас ұрпақты тәрбиелеуде өлшеусіз үлес қосып жүрген ұстаздарымызға білдіреміз. Сіздер жауапкершілік пен тәртіптің, өз ісіне адалдықтың жарқын үлгісісіздер.
Құрметті студенттер! Сіздерге осы күні мықты денсаулық, рухани күш-жігер, өздеріңізге және еліңізге деген сенім тілеймін. Білімдеріңіз, талпыныстарыңыз бен еңбектеріңіз әрдайым Отан игілігіне қызмет етсін!
Отбасыңызда амандық, береке-бірлік және тыныштық болсын!
Мерекелеріңізбен, Отан қорғаушы күні құтты болсын!
Құрметпен, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков техникалық колледжі» КМҚК директоры
Жулдыз Кайпбаева




