Бауржан Момышұлы — ұрпаққа үлгі болған қаһарман!
Ұлы Отан соғысының даңқты батыры, аты аңызға айналған қолбасшы, жазушы - Бауржан Момышұлы — елдің жүрегінде мәңгі сақталатын тұлға. Оның жауынгерлік марапаттары: Қызыл Ту ордені, І дәрежелі Отан соғысы ордені, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдары, Кеңес Одағының Батыры атағы.
1941 жылы Мәскеу үшін шайқаста ерекше ерлігімен көзге түскен Бауыржан батальоны фашистік әскерге қарсы қайсарлықпен күресіп, жауынгерлік рух пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Оның әскери тактикасы мен ерлік істері көптеген ұрпаққа патриотизм мен Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі болып қала береді.
Осы айтулы күні біз барша ардагерлерге тағзым етіп, олардың ерлігін ұлықтаймыз. Жеңіс бізге оңай келген жоқ. Сондықтан бейбіт күннің, еркіндіктің және тұрақтылықтың қадірін білу — бәріміздің парызымыз.