4 мамыр күні Лисаков техникалық колледжінде Қостанай облысы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» басшысы Д.Хайратпен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесу барысында жастарға «Тәуелсіздік ұрпақтары» жастар жобалары байқауы, сондай-ақ басқа да мемлекеттік бағдарламалар мен гранттар туралы ақпарат берілді.
Егер сіз «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы туралы толығырақ білгіңіз келсе және қатысқыңыз келсе, біздің орталыққа хабарласыңыз.
Біздің мекенжайымыз: Мира көшесі, 32-үй, Қалалық мәдениет және спорт орталығының ғимараты, 1-қабат, 70-кабинет.
Өтініштер 31 мамырға дейін қабылданады.
📞 Барлық сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне хабарласуға болады: 2-05-83, 87479021898.