Біздің тарихымыздың бір бөлігіне айналған чемпионат!
2025 жылғы 14–16 мамыр аралығында Лисаков техникалық колледжінде Тау-кен ісі және Пайдалы қазбаларды байыту құзыреттіліктері бойынша ERGskills өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді. Бұл оқиға колледжіміздің өміріндегі жарқын беттердің біріне айналды.
Осындай маңызды сайыстардың дәл біздің алаңымызда өткенін мақтан етеміз. Бұл — ұжымдық үйлесімді еңбектің, сондай-ақ басты сарапшылар мен серіктестеріміздің зор үлесінің нәтижесі Рудный индустриалдық университеті, Қашар руда АҚ, Шұбаркөл көмір АҚ, Лисаков техникалық колледжі, Рудный тау-кен технологиялық колледжі.
Ерекше алғысымызды әлеуметтік серіктестерімізге — ERG компаниялар тобына және Краснооктябрь боксит кеніш басқармасы «Алюминий Казахстана» АҚ. Кәсіптік білім беруді дамытуға қосқан қолдауы, сенімі мен ынтымақтастығы үшін алғысымыз шексіз!
Біз үлкен жұмыс атқарып, чемпионатты мүмкіндігінше жоғары деңгейде өткіздік — бұл жетістіктің негізі — кәсібилік пен бірлікке негізделген командалық жұмыс.
Бүгін біз тек қорытынды шығарып қойған жоқпыз — біз әріптестікті нығайттық, студенттер мен мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер аштық, және саланың сұраныстарына сай кадр даярлаудың нақты бағытын айқындадық.
ERGskills — бұл жай ғана байқау емес. Бұл — кәсіби болашаққа жол!
Барлық қатысушылар мен серіктестерге алғысымызды білдіреміз!
Жаңа кездесулерге дейін!
Ізгі тілекпен,
Жулдыз Кайпбаева
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Лисаков техникалық колледжі КМҚК директоры