«Алтайдан Оралға дейін» велошеруі Лисаков қаласында!
2025 жылғы 4 маусым, қаланың орталық алаңы
Лисаков қаласы «Алтайдан Оралға дейін» атты ауқымды Республикалық велоакцияның аялдамаларының біріне айналды!
Іс-шара Лисаков қаласы әкімдігі, Лисаков техникалық колледжі және Жастар ресурстық орталығының қолдауымен өтті.
Акцияның мақсаты — Жұмысшы мамандықтар жылының насихаты және техникалық мамандықтардың қоғамдағы беделін арттыру.
Велошеруге қатысушылар Өскеменнен бастау алып, Астанаға, одан әрі Ақмола, Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарына жол тартуда.
Іс-шараны қала әкімінің орынбасары Салтанат Шалдыбаева ашып, қонақтарға жылы лебізін білдіріп, бұл бастаманың маңыздылығын атап өтті.
Лисаков қаласында қатысушылар:
✅ Лисаков мұражайына барды,
✅ жастармен кездесті,
✅ өз миссиясы туралы айтты — салауатты өмір салтын және техникалық білімді дәріптеу.
Жұмысшы мамандықтар жылы — бұл алға ілгерілеу, болашақты саналы таңдау және еңбекке деген құрмет!