Құрметті студенттер, оқытушылар, тәлімгерлер және әлеуметтік серіктестер!
Сіздерді Лисаков техникалық колледжінің «WorldSkills Kostanay – 2025» кәсіби шеберлік бойынша өңірлік чемпионатына сәтті қатысуымен шын жүректен құттықтаймын!
2025 ж. 4 маусымда кәсіби шеберлік бойынша Өңірлік чемпионаттың салтанатты жабылу рәсімі өтті. Біздің колледждің студенттері 8 құзыреттілік бойынша қатысып, өздерінің шеберлігін, еңбекқорлығын және кәсіби мақтаныштарын көрсетті:
- «Дәнекерлеу технологиялары» (қатысушы – Саржанов Ислан, компатриот-эксперт – Хадиметов Ш.С.),
- «Плиткамен қаптау» (қатысушылар – Киреев Максим, Грохотов Глеб, Бородецкий Иван, Терещенко Анатолий, компатриот-эксперттер – Яхно Н.С., Гладушко Е.Н., Пролыгина Д.К.),
- «Жүк көліктерін жөндеу және қызмет көрсету» (қатысушы – Мукашев Нурай, компатриот-эксперт – Климов А.С., медальон),
- «Өнеркәсіптік автоматика» (қатысушы – Цыганок Антон, компатриот-эксперт – Удовик В.А.),
- «Сылақ және декоративтік жұмыстар» (қатысушылар – Филиппов Максим, Шашанов Иван, компатриот-эксперттер – Яхно Н.С., Гладушко Е.Н.),
- «Кондитерлік іс» (қатысушы – Гребенщиков Владимир, компатриот-эксперт – Горбанева И.Ю.),
- «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету» (қатысушы – Фомин Андрей, компатриот-эксперт – Фатхудинова И.В.),
- «Аспаздық іс» (қатысушы – Голышева Наталия, компатриот-эксперт – Сарманова Н.У.).
Шын жүректен құттықтаймын және алғысымды білдіремін:
- Киреев Максимді және компатриот-эксперт Яхно Н.С.-ны – жарқын жеңіспен және 1-орынмен,
- Грохотов Глебті және компатриот-эксперт Гладушко Е.Н.-ны – лайықты 3-орынмен,
- Чемпионатқа қатысып, үлкен дайындықтан өтіп, білім мен тәжірибеге деген ұмтылысын көрсеткен барлық қатысушыларды.
Сіздер – біздің колледждің мақтанышысыздар!
Сіздер кәсібилік студенттік кезден басталатынын дәлелдедіңіздер. WorldSkills - бұл жай ғана байқау емес, бұл - кәсіби болашаққа бастар жол.
Құрметті компатриот-эксперттерге, тәлімгерлер мен оқытушыларға шексіз алғысымды білдіремін. Сіздердің тәжірибелеріңіздің, шыдамдылықтарыңыздың және қолдауларыңыздың арқасында студенттеріміз жоғары нәтижелерге қол жеткізді.