1
Лисаков техникалық колледжі
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 
Мекен жайы:
Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы,
Лисаков қаласы, 6 ықшам ауданы, 56 үй
8 (714 33) 3 28 01  insta  Facebook 2005 2012 youtube

2025 жылғы 4 маусымда кәсіби шеберлік бойынша «WorldSkills Kostanay – 2025» Өңірлік чемпионатының салтанатты жабылуы аясында JuniorSkills бағыты бойынша «Плиткамен қаптау» құзыреттілігі бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Байқаудың ерекшелігі — JuniorSkills алаңы WorldSkills халықаралық стандарттарына сай жабдықталған. Бұл тапсырмаларды нақты кәсіби жағдайларға барынша жақын орындауға мүмкіндік берді.

JuniorSkills — бұл мектеп оқушылары үшін мамандық әлемімен ерте жастан танысып, алғашқы практикалық дағдыларды меңгеруге, кәсіби қызығушылықтарын ашуға мүмкіндік беретін бірегей алаң. Бұл — болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға жасалатын алғашқы қадам!

Байқауға Лисаков қаласы мен Октябрь ауылының 8-сынып оқушылары қатысты:

1 орын – Белоусов Артем, Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Октябрь жалпы орта мектебі» КММ;

2 орын – Ваньшин Алексей, Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№4 жалпы орта мектебі» КММ;

3 орын – Жусупов Айдос, Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Октябрь жалпы орта мектебі» КММ;

3 орын – Масаков Арлан, Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Мектеп-гимназия» КММ.

"Лисаков техникалық колледжі" КМҚК базасындағы "Плиткамен қаптау" құзыреттілігінің алаң менеджерлері – арнайы пәндер оқытушысы Яхно Н.С. және өндірістік оқыту шебері Гладушко Е.Н.

Жас қатысушыларды лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Оларға болашақ кәсіби жолында сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!

Колледждің әлеуметтік серіктесіне, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Лисаков қалалық мәслихатының депутаты Старков Сергей Сергеевичке марапаттау рәсіміне баруды ұйымдастыруға көрсеткен демеушілік көмегі үшін ерекше алғысымды білдіремін