Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Лисаков техникалық колледжі» КМҚК-на оқуға қабылдау
2025 жылы Лисаков техникалық колледжі 2 бағыт бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша талапкерлерді қабылдайды:
- орыс тілінде оқитын 9-сынып түлектерінің барлығына мемлекеттік білім беру гранты негізінде;
- «Серпін-2050» бағдарламасы аясында – кадр тапшылығы байқалатын солтүстік, батыс және шығыс өңірлерде мамандық алып, жұмыс істеуге ниетті, еңбек күші артық өңірлердің қазақ тілінде оқитын 9-сынып түлектері үшін бюджеттік негізде оқу және кейінгі жұмыспен қамту қарастырылған.
Талапкерлерді қабылдау негізгі орта білім беру базасында (9 сынып) келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі:
9-сынып негізінде күндізгі бөлімге бюджеттік негізінде оқуға құжаттарды қабылдау:
- жұмысшы біліктілігі бойынша - 2025 жылғы 25 маусымнан 25 тамызға дейін. Бюджет негізіндегі қабылдау әңгімелесу нәтижесі бойынша жүргізіледі. Қабылдау емтихандары талап етілмейді.
- орта буын маманы бойынша – 2025 жылғы 25 маусымнан 18 тамызға дейін. Бюджет негізіндегі қабылдау негізгі орта білім туралы куәліктің орташа балы бойынша конкурс негізінде жүргізіледі. Қабылдау емтихандары талап етілмейді.
Сырттай оқу нысанына құжаттарды қабылдау 11 сынып базасында 2025 жылғы 25 маусымнан 20 қыркүйекке дейін келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:
- 07140100 Технологиялық процесстерді автоматтандыру және
басқару (бейін бойынша),
- 07240300 Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу,
- 07240500 Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту).
Көрсетілетін қызметті берушіге(колледждің қабылдау комиссиясына) жүгінген кезде:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі цифрлық фотосурет;
4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) бекітілген № 075-У нысаны (бұдан әрі - № 075-У) бойынша медициналық анықтама, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен бала жасынан мүгедектігі бар адамдар үшін «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) № 031-У нысаны (бұдан әрі - № 031-У) бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
5) арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiгуi (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің балаларын (оның ішінде асырап алған ұлдарын, асырап алған қыздарын, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздарын) мәртебесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын – босқын куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) қандас – қандас куәлігі.
Қызмет көрсетушіге (eGov.kz порталы арқылы) жүгінген кезде тапсыратын құжаттар тізімі:
1) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе оның заңды өкілдерінің) бірінің электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) электрондық түрдегі білім туралы құжат;
3) № 075-У нысаны бойынша электрондық медициналық анықтаманың, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен бала жасынан мүгедектігі бар адамдар үшін № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысының электрондық көшірмелері;
4) арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiгуi (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің балаларын (оның ішінде асырап алған ұлдарын, асырап алған қыздарын, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздарын) мәртебесін растайтын электрондық құжат;
5) 3x4 см көлеміндегі цифрлық фотосурет.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, білімі туралы құжат, медициналық анықтамалары көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
1) тапсырылған құжаттардың тізбесі;
2) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері көрсетіледі.
Біздің байланыс деректеріміз:
Мекенжайы: Лисаков қ., 6-ш / а., 56 д.
Телефондары: 8 (71433) 3-37-11, 8 (71433) 3-28-01
Веб-сайт: ltk.edu.kz
е-mail: ltk_cБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Құрметпен,
қабылдау комиссиясының төрайымы –
колледж директоры
Кайпбаева Жулдыз Шамильевна