1
Лисаков техникалық колледжі
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 
Мекен жайы:
Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы,
Лисаков қаласы, 6 ықшам ауданы, 56 үй
8 (714 33) 3 28 01  insta  Facebook 2005 2012 youtube

kaz

«Серпін-2050» - «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік

бағдарламасының Лисаков техникалық колледжінде іске асырылуы

2025 жылы «Серпін-2050» – «Мәңгілік ел жастары – индустрия» мемлекеттік бағдарламасы аясында Лисаков техникалық колледжінде оқу мерзімі 2 жыл 10 ай қазақ тілінде оқытатын 9-сынып базасында 07130100 Электр жабдықтары (түрлері және салалар бойынша) 3W07130101 Электромонтер (түрлері және салалары бойынша) мамандығына Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда және Түркістан облыстарынан талапкерлерді қабылдау жоспарлануда.

«Серпін-2050» бағдарламасы еліміздің жұмыс күші артық өңірлеріндегі жастарға сапалы білім алуға, беделді жұмыс табуға және мамандар тапшылығы бар өңірлерде табысты мансап жасауға көмектеседі. Бағдарламаға қатысушыларды қабылдауды нысаналы тапсырыс шеңберінде жүзеге асыру жоспарлануда, бұл Қостанай облысында одан әрі жұмысқа орналасудың кепілі болып табылады.

Бұл бағдарлама тегін оқытуды, 43 574 теңге көлемінде стипендия, жол жүруді қамтамасыз ету, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, жатақханадағы орындармен қамтамасыз етуді ұсынады. Сонымен қатар, колледж студенттерге академиялық және психологиялық қолдау көрсетеді, студенттік клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді.

9-сынып негізінде күндізгі бөлімге жұмысшы біліктілігі бойынша мемлекеттік негізде оқуға құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 25 маусымнан 25 тамызға дейін жүргізіледі. Жұмысшы біліктілігі бойынша бюджетке қабылдау әңгімелесу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.Қабылдау емтихандары талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметті берушіге (колледждің қабылдау комиссиясына)  жүгінген кезде: 

1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;

2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

3) 3x4 см көлеміндегі цифрлық фотосурет;

4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) бекітілген № 075-У нысаны (бұдан әрі - № 075-У) бойынша медициналық анықтама, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен бала жасынан мүгедектігі бар адамдар үшін «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) № 031-У нысаны (бұдан әрі - № 031-У) бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;

5) арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiгуi (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің балаларын (оның ішінде асырап алған ұлдарын, асырап алған қыздарын, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздарын) мәртебесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

6) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (тұлғаны салыстыру үшін).

Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;

2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

3) босқын – босқын куәлігі;

4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

5) қандас – қандас куәлігі.

Қызмет көрсетушіге (eGov.kz порталы арқылы) жүгінген кезде тапсыратын құжаттар тізімі:

1) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе оның заңды өкілдерінің) бірінің электрондық құжат нысанындағы өтініші;

2) электрондық түрдегі білім туралы құжат;

3) № 075-У нысаны бойынша электрондық медициналық анықтаманың, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен бала жасынан мүгедектігі бар адамдар үшін № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысының электрондық көшірмелері;

4) арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiгуi (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің балаларын (оның ішінде асырап алған ұлдарын, асырап алған қыздарын, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздарын) мәртебесін растайтын электрондық құжат;

5) 3x4 см көлеміндегі цифрлық фотосурет.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, білімі туралы құжат, медициналық анықтамалары көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:

1) тапсырылған құжаттардың тізбесі;

2) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері көрсетіледі.

Біздің байланыс деректеріміз:

Мекенжайы: Қостанай облысы, Лисаков қ., 6-ш / а., 56 д.

Телефондары: 8 (71433) 3-37-11, 8 (71433) 3-28-01

Веб-сайт: ltk.edu.kz

е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Құрметпен,

қабылдау комиссиясының төрайымы –

колледж директоры

Кайпбаева Жулдыз Шамильевна

Қазір 96 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр